Қытай су тасқынына шұғыл әрекет ету режимін іске қосты

553

ҚХР су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы мемлекеттік штабы су тасқынына байланысты 4-деңгейдегі жедел әрекет ету режимін іске қосты, өйткені елдің оңтүстік аймақтарында қатты нөсер жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Синьхуа" агенттігіне сілтемемен.

Қытай су тасқынына шұғыл әрекет ету режимін іске қосты Фото: courthousenews.com

Болжамға сәйкес, нөсер жауын Қытайдың бірнеше аймағында, соның ішінде Хайнань, Гуандун және Гуанси-Чжуан автономиялық аймағына жауады, ал кейбір аудандарда найзағай ойнап, қатты жел соғуы мүмкін.

Қытайдың метеорологиялық қызметтерінің хабарлауынша, Тибет автономиялық ауданы мен Юньнань провинциясының кейбір аудандарында Бенгал шығанағының үстіндегі "Мокко" циклонынан туындаған қатты жаңбыр жауады.

Аталған аймақтарға экстремалды ауа райының салдарын жоюға көмектесу үшін екі жұмыс тобын жіберді.

Сондай-ақ билік қауіпті аймақтардағы адамдарды көшіру және құтқару жұмыстарына тартылған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу