Қытай сұйық майдың көлемін арттыруды сұрап отыр

2297

Қазақстанның сыртқы саудасындағы Қытайдың үлесі –12%. 

Қытай сұйық майдың көлемін арттыруды сұрап отыр

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қытай Халық республикасына барып, Хубэй провинциясының лауазымды тұлғаларымен кездесті. Министрдің айтуынша, Қазақстанның сыртқы саудасындағы Қытайдың үлесі 12%-ға жеткен.

"Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Биыл 8 айда арадағы сауда айналымы 9,2 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,2% көп. Былтыр 8 айда сауда көлемі 7,3 млр доллар болған", – деді Бақыт Сұлтанов Ухань қаласының вице-мэрі Сюй Хунланмен кездесуінде.

Жыл басынан бері Қазақстан Қытайға 5,3 млрд долардың өнімін эскпорттаған. Мұнай мен газдан бөлек катодты мыс, титан бұйымдар,  сұйық май эскпорты жыл сайын артып келеді.

Кездесу соңында "Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd." компаниясы мен "Евразия Food Corporation" май зауыты жыл сайын 500 мың тонна "Шедевр" күнбағыс майын Қытайға жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.

Сауда және интеграция министрлігі таратқан ақпарат бойынша Қазақстан Қытайға жасалатын экспорт көлемін тағы 1,6 млрд теңгеге ұлғайтпақшы.

Есімжан Нақтыбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу