Бұл туралы Commercial Space Federation ұйымының "Redshift" атты жаңа баяндамасында көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шыны керек, Қытай ғарыш саласындағы қарқынын әлі де дамытып, алдағы 5-10 жылда АҚШ-ты артқа қалдыруы мүмкін деп бағаланып отыр.
NASA қаржы қысқартуларына және Artemis бағдарламасындағы кідірістерге тап болса, Қытай бір мезетте бірнеше бағытты қатар дамытуды жалғастырып жатыр.
Олар: ғарышкерлерді ұшыру, өз орбиталық станциясын құру, жер серіктерінің алып жүйесін құру және коммерциялық жобаларды іске асыру.
Бұл жердегі Қытайдың басты артықшылығы қомақты инвестиция саналады. Мысалы, былтыр коммерциялық ғарыш компанияларына 2,86 млрд доллар құйылса, бұл 2016 жылғы 164 млн доллардан бірнеше есе көп.
Жеке фирмалар Қытайдың ұлттық ғарыш агенттігімен (CNSA) әркез тығыз байланыста, бұл дамуға серпін береді.
Сонымен қатар, "Жібек жолы ғарышта" бастамасы да Қытайға қуат сыйлауда. Ресей, Үндістан, Жапония және өзге елдермен бірлескен 80-нен астам жоба АҚШ-тың халықаралық ықпалын әлсіретуде.
Мұндай жайтты америкалық сарапшылар да мойындап отыр. Яғни, АҚШ кей салаларда әлі де көшбасшы болғанымен, бұл артықшылық ұзаққа бармауы ықтимал.