Бұл туралы Inbusiness.kz "Чжунго хантяньбао" газетіне сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, спутник Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен сағат 02.10-да (13 қаңтарда Астана уақытымен 00.10-да) "Чанчжэн-2-цэ" зымыранының көмегімен ғарышқа ұшырылды. Осымен бұл серияның зымырандары 460-шы рет спутниктерді көкке көтерді.
Салмағы 1,3 тонна болатын APSTAR-6E пайдалану мерзімі 15 жыл. Оны қытай ғарыштық технологиялар академиясы кең жолақты қызмет көрсетуде пайдалану үшін әзірлеген.
Бейжің метеорологиялық, телекоммуникациялық, навигациялық спутниктерді, сондай-ақ Айды игеру технологияларын жетілдіре отырып, Ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытуда. Қытайлық мамандар астероидтар мен Марсты зерттеу жобасын бір уақытта жүзеге асыруда. Орбитада ҚХР ғарыш станциясының құрылысы аяқталды.