Қытай тағы 2 елге визасыз режим енгізеді

151

Көршілес ел Ұлыбритания мен Канада азаматтарына 30 күндік визаға жеңілдік жасайды.    

Қытай тағы 2 елге визасыз режим енгізеді Фото: upvisa.pro

Виза туристік және іскерлік сапарларға, сондай-ақ транзиттік мақсатта беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеңілдетілген тәртіп жыл соңына дейін күшінде болады. Тараптар таяуда ресми сапарлар аясында келісім жасады. Бейжің мен Лондон экономика, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар ынтымақтастық құжаттарына қол қойды.

Ал Оттавамен қытайлық электр көліктеріне тарифтерді 16 есеге азайтуға келісті.

Бұған қоса Қытай Канададан жеткізілетін кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығын төмендетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу