Қытай Тайвань маңында әскери оқу-жаттығуларды бастады

192

Қытай аралға жақын жерде теңіз маневрлерін бастады. Оқу-жаттығу екі күнге созылады. 

Қытай Тайвань маңында әскери оқу-жаттығуларды бастады Фото: rbc.ua

Тайваньның жаңа президенті Лай Циндэ қызметіне кіріскеннен кейінгі үшінші күні, Қытай өзінің бүлікшіл провинциясы деп санайтын аралға жақын жерде әскери жаттығулар өткізе бастады.

Бұл туралы  Қытай Халық-азаттық армиясының шығыс қолбасшылығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін ҚХР билігі Тайвань аралы "Қытай территориясының ажырамас бөлігі, ал Тайвань істері Қытайдың ішкі істері" деп мәлімдеген.

Хабарламада 23 мамырда таңертең басталған әскери жаттығуларға Қытай құрлық әскерлері, әскери-теңіз күштері, әуе күштері мен зымыран әскерлері қатысқаны көрсетілген.

Жаттығу Тайвань бұғазында, Тайвань жағалауларының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Тайвань бақылауындағы Цзиньмэнь, Маззу, Уцюю және Дуньин аралдарының айналасындағы аудандарда өтеді және жергілікті уақыт бойынша 24 мамыр күні кешке дейін жалғасады.

"Бұл сондай - ақ Тайваньның тәуелсіздігін жақтаушылардың сепаратистік әрекеттері үшін қатаң жаза және сыртқы күштердің араласуы мен арандатушылықтарына қарсы қатаң ескерту", - деді ҚХР армиясының шығыс қолбасшылығының ресми өкілі Reuters агенттігіне. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу