Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларды аяқтады

564

Жаттығу кезінде Қытай ұшақтары күн сайын Тайвань бұғазының ортаңғы сызығын кесіп өтті.

Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларды аяқтады

Қытай Тайвань айналасындағы әскери жаттығулардың мерзімінен бұрын аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Елдің Халық-азаттық әскері теңіз және әуе жаттығуларының ресми түрде аяқтады.

Бұған дейін ҚХР-дың СІМ Тайвань Қытайдың бір бөлігі, ал Бейжің "өз аумағында әдеттегі әскери жаттығуларын өткізеді" деп мәлімдеген еді.

Қытай бұл жаттығуларды АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарлай баруына жауап ретінде бастады. Әуе және теңіздегі маневрлер бастапқыда төрт күн бойы жүзеге асырылады деп жоспарланған болатын. Бірақ мерзімінен бұрын аяқталды.

Жаттығу кезінде Қытай ұшақтары күн сайын Тайвань бұғазының ортаңғы сызығы, яғни екі жақтың кездейсоқ соқтығысуын болдырмауға көмектесетін бейресми шекараны кесіп өтті. Бірқатар сарапшының ойынша, Қытай тарапының мұндай әскери қысымы жиі қайталанып тұруы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу