Қытай Тайванды өзіне қосып алатынын мәлімдеді

1171

Қытай билігі Тайван халқының дені қытай ұлтынан екенін алға тартып, оны қосып алу Қытайдың ішкі мәселесіне жататынын, сыртқы елдердің бұл мәселеге араласуына  жол бермейтінін де ескертті.

Қытай Тайванды өзіне қосып алатынын мәлімдеді

Қытай халық республикасының төрағасы "Бір Қытай" саясаты аясында Тайванды бейбіт жолмен қосып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Алайда екі елдің қосылуына қарсылық көрсетіп, кедергі келтіргендерге қару қолданудан тайынбайтындарын да жасырмады.

Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы америкалықтардың Қытай ықпалының артуына барынша тосқауыл қоюға ұмтылысы қытай билігінің шешуші қадамға баруына итермелеуде.

1949 жылдан бастап, екі ел арасындағы ресми қатынас доғарылған болатын.

Қытай билігі Тайван халқының дені қытай ұлтынан екенін алға тартып, оны қосып алу Қытайдың ішкі мәселесіне жататынын, сыртқы елдердің бұл мәселеге араласуына  жол бермейтінін де ескертті.

Тайван президенті Цай Инвэнь "бір ел- екі жүйе" саясатынан түбегейлі бас тартатынын мәлімдеп, жауап қайтарды.

Өткен 2018 жылдың қыркүйек айында АҚШ тарапы Тайванның қытай басқыншылығынан қорғануы үшін құны 330 млн доллар болатын қару-жарақ берген. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, Тайван бұғазына әскери кемелерін үш мәрте жөнелткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу