Қытай Тайваньмен қайта қосылу үшін күш қолдануы әбден мүмкін

453

ҚХР Қорғаныс министрлігінің басшысы Бейжің Тайваньмен бейбіт диалогты жақтайтынын, бірақ күш қолдану мүмкіндігін "жоққа шығармайтынын" атап өтті.

Қытай Тайваньмен қайта қосылу үшін күш қолдануы әбден мүмкін Фото: www.pravda.com.ua

Қытайдың қорғаныс министрі Ли Шанфу Бейжің Тайваньмен қайта қосылу үшін "күш қолдану сценарийін жоққа шығармайды" деді, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл туралы қытай министрі Сингапурдың Қорғаныс министрі Нг Энг Хенмен "Шангри-Ла диалогы" Азия қауіпсіздік Саммиті аясында келіссөздерде мәлімдеді.

Қытай Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Тан Кефейдің айтуынша, келіссөздер барысында Ли Қытай Тайваньмен бейбіт келісімді жақтайтынын, бірақ қажет болған жағдайда күш қолдануды "мүлдем жоққа шығармайтынын" атап өтті.

Ли Тайваньның Демократиялық прогрессивті партиясын (DPP) егемендік мәселесінде басқа елдердің қолдауын күткені орынсыз деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу