Қытай Тайваньмен қалыпты қарым-қатынасқа ұмтылуда

597

Қытай билігі Тайваньмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге тырысады және Аралмен экономикалық ынтымақтастықты нығайту саясатын жүргізеді. 

Қытай Тайваньмен қалыпты қарым-қатынасқа ұмтылуда Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Тайваньмен экономика саласында, сондай-ақ мәдени салада ынтымақтастықты ілгерілетуді жалғастырамыз. Ынтымақтастықты қалыпқа келтіру екі жақтың [Бейжің мен Тайбэйдің] да мүддесі және біз бұл үшін одан да көп күш салуымыз керек", — деді ол 14-ші сайланған Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының (ХӨЖ, парламент) бірінші сессиясының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Ли Цян Тайвань мен ҚХР материгінің тұрғындары тығыз байланыста екенін еске салды.

"Аралмен өзара әрекеттесуді 1992 жылы Бейжің мен Тайбэй арасында қол жеткізілген "Бір Қытай" қағидаты туралы консенсус негізінде нығайту керек", — деп қосты ол.

Ли Цян Қытайдың континентальды бөлігіне баратын тайваньдықтар мен онда бизнесті дамытуға ниетті Тайвань компанияларының дамуына еш кедергі болмайтынына үміттенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу