Қытай Тайваньның АҚШ-тағы өкілдігінің басшысына қарсы санкциялар енгізді

552

ҚХР билігі Тайбэйдің Вашингтондағы экономикалық әрі мәдени өкілдігінің басшысы Сяо Мэйциньге Тайвань мәселесі бойынша сепаратистік ұстанымына байланысты санкциялар енгізді. 

 Қытай Тайваньның АҚШ-тағы өкілдігінің басшысына қарсы санкциялар енгізді Фото: i1.wp.com/img

Бұл туралы жұма күні Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің (ҚКП ОК) Тайвань істері жөніндегі кеңсесі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сяо Мэйцинь сепаратистік ұстанымға ие және өзінің мәртебесін көтеру үшін сыртқы күштердің көмегіне жүгінеді. Ол Тайвань тәуелсіздігі деп аталатын нәрсені қамтамасыз ету үшін АҚШ-қа сүйенеді. Материктік Қытай оған кезең-кезеңімен санкциялар қолдануға шешім қабылдады: Сяо Мэйцинь мен оның туыстарына ҚХР-дың континентальды бөлігіне, сондай-ақ Гонконг пен Макаоның арнайы әкімшілік аймақтарына баруға қатаң тыйым салынады", - делінген хабарламада.

ҚКП Орталық комитетінің кеңсесі нақтылағандай, Қытай үкіметі Ұлттық кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға Сяо Мэйциньмен байланысы бар компаниялармен ынтымақтастыққа тыйым салады.

"Оған қатысты барлық қажетті айыппұл шаралары қабылданады", — делінген хабарламада.

Қытай билігі сонымен қатар Тайваньның екі ұйымына — Prospect Foundation мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілікті зерттеу қорына (APS) — олардың сепаратизмді қолдау әрекеттеріне байланысты санкциялар салды.

Бұған дейін Қытай билігі АҚШ Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти мен Тайвань Президенті Цай Инвэннің Калифорниядағы кездесуін айыптағанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу