Қытай Тайванның жеті саясаткерін аралдың тәуелсіздігін қолдаушылар тізіміне енгізді. Оларға қарсы санкциялар салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Шектеулер тізімінде Тайванның АҚШ-тағы өкілі Сяо Мэйциньге, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосимен және басқа да саясаткерлермен кездескен заң шығарушы юань спикерінің орынбасары Цай Цичанға бар. Қытай оларды "аралдың тәуелсіздігін жақтайтын сепаратистер" деп атады.
Қытай мен Тайвань арасындағы қарым-қатынас Бейжіңнің қарсылығына қарамастан Нэнси Пелосидің аралға жасаған сапары аясында шиеленісе түсті. ҚХР АҚШ Өкілдер палатасының спикері мен оның туыстарына қарсы санкциялар енгізілгенін жариялады. Қытай сонымен қатар Вашингтонмен арадағы бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты тоқтатып, Тайвань төңірегінде ауқымды әскери жаттығулар жүргізді.
Табиғат Нұрболат