Қытай төрағасы Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

16508

"Сыртқы күштердің адам құқықтарын сылтауратып ішкі істерімізге араласуына қарсымыз!" Орталық Азия елдері мен Қытайдың дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай өткен "Орталық Азия - ҚХР" саммитінде Си Цзиньпин осылай деді.

Қытай төрағасы Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Іс-шара онлайн-форматта өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Тату көрші болу мен достық – біздің қарым-қатынасымыздың негізі. Қытай ізгілік, шынайылық, өзара тиімділік және толеранттылық тұжырымдамасын ұстанады, алдағы уақытта да Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары деңгейдегі байланыстарды кеңейтетін болады, стратегиялық үйлестіруді жандандырады. Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлері кездесулерінің және диалогтың басқа да тетіктерінің рөлін іске қосу, ынтымақтастығымыз бен өзара сенімімізді нығайту, бірлескен даму мен өркендеу мүддесінде өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету маңызды деп санаймын.

Біз барлығымыз сыртқы күштердің аймақтағы түрлі-түсті төңкерісті шабыттандыруға, адам құқықтары сылтауымен ішкі істерге араласуға, халықтарымыздың тыныш өмірін бұзуға талпыныстарына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Жақында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға әкелді. Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың қатаң басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашақ ашады деп сенемін", - деді ҚХР Төрағасы.

Фото: Ju Peng / Xinhua / Global Look Press)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу