Қытай 4 шетел азаматына өлім жазасын кесті

Сот үкімі орындалған азаматтың бәрі де қос азаматтыққа ие. 

Қытай 4 шетел азаматына өлім жазасын кесті Фото: Известия

Канада үкіметі 19 наурыз күні Қытайда есірткі тасымалы үшін өлім жазасына кесілген төрт азаматына қатысты сот үкімінің жыл басында орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Канаданың сыртқы істер министрі Мелани Жоли Оттаваның өлімге бұйырылған өзге азаматтарының жазасын жеңілдетуге ықпал жасамақ. 

– Төрт канадалық азаматқа өлім жазасы орындалғанын қатаң айыптаймыз. Олар есірткіге қатысты қылмыстармен сотталған, – деді ол.

Десе де, Канададағы Қытай елшілігі Канада үкіметінің мәлімдемесін "жауапсыздық" деп жазғырып отыр. Елшілік таратқан мәлімдемеде Қытайдың есірткіге қатысты қылмыстарға әрдайым қатаң жаза қолданатыны және бұл мәселеде "нөлдік төзімділік" саясатын ұстанатыны баса айтылған. 

Сондай-ақ, Канада Сыртқы істер министрлігі 2019 жылы Қытай соты есірткі тасымалдады деп айыптап, өлім жазасына кескен канадалық Роберт Шелленбергтің үкімі әлі орындалмағанын растады. 

Lianhe Zaobao басылымының жазуынша, Қытай мен Канада арасындағы дипломатиялық байланыс 2018 жылдан бері шиеленісіп келеді. Сол жылы Трамп әкімшілігінің сұранысымен Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоу Ванкуверде ұсталған болатын. Бұған жауап ретінде Қытай екі канадалықты тұтқынға алған еді. Мэн Ваньчжоу мен канадалық азаматтар кейін, яғни 2021 жылы ғана босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу