Қытай түрмелерінде тұтқындардың органдары ұрлануда – БҰҰ

1505

Бас бостандығынан айырылғандардан әсіресе жүрек, бүйрек, бауыр және көздің қабығы алынатын көрінеді. 

Қытай түрмелерінде тұтқындардың органдары ұрлануда – БҰҰ

БҰҰ сарапшылары Қытай түрмелеріндегі этникалық және діни азшылықтарға жататын тұтқындардың органдары ұрланып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Қытайдың бірқатар аймағында этникалық, тілдік немесе діни азшылық өкілдерінің органдарын күштеп алу жүргізіліп жатыр. Қамалғандарға көбінесе олардың неліктен тұтқындалғаны айтылмайды немесе тіпті оларды қамау туралы ордер жоқ", – деп жазылған ұйымдағы 12 сарапшының мәлімдемесінде. 

БҰҰ-ның заңсыз қамауға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы мен ұйымның арнайы өкілі бұл жайтқа алаңдаушылығын білдіріп отыр. Сарапшылардың пікірінше, бас бостандығынан айырылғандардан әсіресе жүрек, бүйрек, бауыр және көздің қабығы алынады екен. Мұндай қатыгез әрекеттен Фалуньгун қозғалысының мүшелері, ұйғырлар, тибеттіктер, мұсылман мен христиандар зардап шегіп жатқан көрінеді.  
Женевадағы Қытай өкілдігінің мүшесі БҰҰ таққан бұл айыпты мойындамай отыр. Оның айтуынша, ұйым сарапшылары сепаратистер мен Фалуньгун қозғалысының Қытай туралы жалған ақпаратына сеніп қалған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу