Қытай Украина қақтығысында Ресейді қолдайды - БАҚ

772

Қытай ядролық қаруды қолданбаған жағдайда Украина қақтығысында Ресейді қолдайды. 

Қытай Украина қақтығысында Ресейді қолдайды - БАҚ Фото: img3.eadaily.com

Канадалық The Globe and Mail газетінің хабарлауынша, мұндай тұжырым ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басылым жазғандай, Қытай дипломатиясында кездейсоқтықтар сирек кездеседі.

"Чернобыльдегі [қайғылы оқиғаның] күніне (1986 ж. 26 сәуір) орай Си Цзиньпин Зеленскиймен сөйлесіп, ҚХДР-дың соғыстағы ұстанымын айтты. Қытай ядролық қаруды қолданбау шартымен Ресейді қолдайды", — делінген мақалада.

Авторлар "диалог пен келіссөздер украин дағдарысынан шығудың жалғыз тиімді жолы" және "ешкім ядролық соғыста жеңіске жете алмайды" деген Қытай коммюникесі шығарған әңгіме қорытындысына сілтеме жасайды.

Материалда Си Цзиньпин Мәскеу тарапын қолдай сөйлеп, тағы да "Киев пен Батысқа жағымсыз" қақтығысты шешудің бейбіт жоспарын ұсынды деген пікір бар.

"Украин әскерлері қазір қарсы шабуылға дайындықтың соңғы сатысында тұр, олар Украинаның оңтүстік пен шығыс бөліктерінің азат етеді деп үміттенеді. Ал бұл қарсылық кейбір елдерге агрессияға айналып бара жатқандай көрінеді және Украина бейбітшілік орнату мүмкіндігінен бас тартып, оның орнына соғысты жалғастырғысы келетін сияқты", — делінген басылымда.

Қытай мен Украина басшылары арасында телефон арқылы байланыс 26 сәуірде орнады. Зеленскийдің Twitter-де жариялаған хабарламасында әңгіме ұзақ әрі мағыналы болғаны айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу