Қытай Украина мен Ресей келіссөздеріне шындап кірісті

652

Қытай СІМ арнайы өкілі Ресей мен Украинаға іс-сапармен барады.  

Қытай Украина мен Ресей келіссөздеріне шындап кірісті Фото: img7.eadaily.com

ҚХР СІМ-нің арнайы өкілі Ли Хуэй 15 мамырдан бастап Ресей Федерациясына, Украинаға, Еуропа елдеріне Украина төңірегіндегі жағдайды реттеу мәселесін талқылау үшін сапар шегеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының өкілі Ван Вэнбинге сілтеме жасап.

"ҚХР-дың Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй 15 мамырдан бастап Украинада дағдарысты саяси шешу мәселесі бойынша барлық тараптармен келіссөздер жүргізу үшін Украинаға, Польшаға, Францияға, Германия мен Ресейге барады", - деді батыс БАҚ.

Наурызда Қытай 12 тармақтан тұратын Украинадағы жағдайды реттеу жоспарын ұсынғанын еске саламыз. ҚХР СІМ басшысы Цинь Ган украин дағдарысын реттеу тек бейбіт келіссөздер мен барлық мүдделі тараптардың талаптарын ескерген жағдайда ғана мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу