Қытай Украина төңірегіндегі жағдайды ушықтырмауға шақырды

960

Ресми Вашингтон мен оның НАТО-дағы одақтастары Мәскеудің талабын орындамайтынын білдірді.

Қытай Украина төңірегіндегі жағдайды ушықтырмауға шақырды

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Украина төңірегіндегі шиеленіске қатысы бар барлық тараптар сабырлық сақтап, осы аймақтағы жағдайды ушықтыратын әрекеттерден бас тартуға шақырды. Бұл туралы ол АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

"Украина мәселесін шешу Минск келісімдеріне оралу керек. "Минск-2" құжатын БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін мақұлдады. Бұл – барлық тараптар мойындаған саяси құжат, оның толықтай орындалуына қол жеткізу қажет", – деді ол.

Ресей НАТО әскерилерін Шығыс Еуропадан шығарылуын және Украинаның альянс құрамына ешқашан енгізілмеуін талап етіп отыр.

Бірақ Вашингтон мен оның НАТО-дағы одақтастары Мәскеудің талабын орындамайтынын білдірді. Дегенмен олар Ресеймен қаруды бақылау және еуропалық қауіпсіздікке қатысты басқа да мәселелерді талқылауға дайын екенін жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу