Қуат көздерін үнемдеуге көшкен қытайлар, құрғақшылық пен аптап ыстықтан зардап шеккен аймақтарына осылай көмектесуге кірісті. Шанхайдың жағалаудағы және қаржы орталығы саналатын аудандарында, жарық енді түні бойы қосылып тұрмайды.
Әйгілі мұнарасы да бұрынғыдай жарқырамайды. Әзірге шектеу екі күнге жарияланды. Өйткені әлеуметтік желі арқылы шу көтерген халық, бай-бағландар ақшасын текке ысырап етіп, түні бойы босқа шам жағады деп ауқатты қаладағы тірлікті сынға алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу