Қорытынды комиссияның шешімімен 102 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді Қытай тарапы қабылдайды. Грант академиялық оқу ақысын, жатақханада тұруды, медициналық сақтандыруды қамтиды, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілдерінде жүргізіледі. Үкіметаралық гранттардың әкімшісі болып табылатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өтінімдерді қабылдап, аралық конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, – делінген хабарламада.
Тізімдегі тегі, аты-жөндер әліпби тәртібімен орналастырылған. Олардың орналасу реті басымдықты білдірмейді және бір үміткердің екіншісінен немесе өзге үміткерлерден артық екенін көрсетпейді.