banner

Қытай ұшақтары Тайвань әуе кеңістігіне тағы кірді

1095

Олар Пратас аралдары мен оңтүстік Қытай теңізінде ұшқан.

Қытай ұшақтары Тайвань әуе кеңістігіне тағы кірді

Тайвань Қорғаныс министрлігі Қытайдың 9 ұшағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше Ресей әскері Украина аумағына кірген кезде болған.

Агенттік дерегінше, бұл миссияға Қытайға тиесілі J-16 сегіз жойғыш ұшақ және Y-8 бір барлау ұшағы қатысқан. Олар Тайваньға тиесілі Пратас аралдарының солтүстік-шығысында, оңтүстік Қытай теңізінің жоғарғы жағынан ұшып өткен.

Тайвань үкіметі Қытай ұшақтарына ескерту жасау үшін өзінің әскери ұшақтарын жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу