Қытай үшінші дүниежүзілік соғысқа мүдделі емес екенін мәлім етті

954

Бұған дейін Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі туралы мәлімдеме жасады.  

Қытай үшінші дүниежүзілік соғысқа мүдделі емес екенін мәлім етті

Қытай билігі үшінші дүниежүзілік соғысқа мүдделі емес және Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды. Бұл туралы ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ешкім үшінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын қаламайды. Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің сәтті өтуіне қолдау көрсету керек", – деді ол.

Вэньбиннің айтуынша, Украинадағы қарулы қақтығыстың ұзаққа созылуына жол бермеу керек. Ол шиеленістің салдары Еуропаға ғана емес, бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

"Мүдделі тараптар салқынқандылық танытып, шиеленістің ушығуына жол бермейді деп үміттенеміз", – деді СІМ өкілі.

Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі бар екенін және бұны елеусіз қалдыруға болмайды деп мәлімдеді. Бірақ ол өз сөзінде Мәскеудің ядролық соғысқа мүдделі еместігін жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: cgtn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу