Қытай "вакциналық паспорт" бағдарламасын іске қосқан әлемдегі алғашқы ел болды

927

Ресей Еуропалық Одақ аумағында "Спутник V" вакцинасын өндіру туралы алғашқы келісім жасады. 

Қытай "вакциналық паспорт" бағдарламасын іске қосқан әлемдегі алғашқы ел болды

АҚШ-та вакцинаның екі дозасын алған адамдарға үй ішінде шағын топ ішінде болуға  рұқсат етілді. Қоғамдық орындарда бетперде кию міндетті болып қала береді. Бұл Президент Әкімшілігі мақұлдаған алғашқы кішігірім жеңілдіктер. Ақпарат ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат тарататын Телеграм каналында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ал Ресей Еуропалық Одақ аумағында "Спутник V" вакцинасын өндіру туралы алғашқы келісім жасады. Шілде айынан бастап итальялық-швейцариялық Adienne фармакологиялық компаниясы іске кіріседі. Дегенмен Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі ЕО аумағында "Спутник V" вакцинасын қолдануды әлі мақұлдаған жоқ.
Францияның Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жером Саломонның мәлімдеуінше, Париж бен оның айналасындағы ауруханалар вирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты қауырт режимде жұмыс істеуде. Билік локдаун енгізбейтінін хабарлады.

Қытай "вакциналық паспорт" деп аталатын бағдарламаны іске қосқан әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл – вакцинациядан өткен Қытайдың әрбір тұрғыны шетелге шығар кезде арнайы цифрлық платформадан жүктеп алуға болатын құжат.⠀

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу