Қытай вакцинасы қарашада дайын болуы мүмкін

600

Қазір 4 қытайлық екпе клиникалық сынақтың соңғы фазасынан өтіп жатыр. 

Қытай вакцинасы қарашада дайын болуы мүмкін Фото: reuters.com

Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина қолданысқа қарашада енгізілуі мүмкін. Бұл туралы елдің ауруларды алдын алу және бақылау орталығының өкілі хабарлады. Reuters агенттігінің мәліметіне сүйенсек, төрт қытайлық екпе қазір клиникалық сынақтың соңғы фазасынан өтіп жатыр. 

Орталықтың биоқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Гуйчжэнь Ву сынақтардың үшінші кезеңі нәтижелі өтіп жатқанын, вакцина қараша немесе желтоқсанда қолданысқа енгізілетінін айтты. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 28,6 миллионға жеткен. Оның 917 мыңы қайтыс болды. Науқастар көп тіркелген елдер: АҚШ, Бразилия, Ресей, Үндістан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу