Қытай юані құлдырады

648

Дүйсенбі күні Гонконгте юань бағамы 2008 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.      

Қытай юані құлдырады Фото: Getty Images

"Hang Seng China Enterprises индексі 7% астамға құлдырады. Бұл Hang Seng China Enterprises индексі құрылғаннан бергі ең нашар нәтиже. Мұндай жағдай Қытай компартиясының съезіне келген Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы және президиум мүшесі Ху Цзиньтао залдан шығарылғаннан кейінгі келесі күні тіркеліп отыр.

Инвесторлар үшін төраға Си Цзиньпиннің үшінші мандаты нарықтық экономиканы дамытуға Бейжіңнің қызығушылығы жоқ дегенді меңзейді. Ал Қытай Компартиясының басқарушылық органдарына С.Цзиньпин жақтастарының сайлануы, аталған көшбасшының айналасына билікті шоғырландыру аяқталғанын білдіреді", - деп жазылған сайтта.

Сонымен қатар Alibaba, JD және Meituan сынды аса ірі технологиялық компаниялардың акциялары 11 % астамға құлдырады. Қытай басшылығы енді мемлекеттік компаниялардың есебінен дамуды қолға алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу