Экономиканы цифландыру жаңа мамандықтарды нарыққа алып шығады

808

Экономиканы цифландыру жаңа мамандықтарды нарыққа алып шығады

IT-нарықтың дағдарысқа түсуіне кибершабуылдың да әсері көп.  ІТ саласындағы тәуелсіз сарапшылардың бірі Дмитрий Киселевтің айтуынша, дамуға ішкі фактор ғана емес, сыртқы факторлар да кедергі болып отыр. Ол – кибершабуылдан келетін қауіп.

Бүгінде кибершабуылдан тек банк секторы ғана емес, өндірістік обьектілер де шығынға батып отыр. Кибершабуылдардың 80 пайызы бейнебақылау жүйелерінің инфекциясына байланысты. Бейнебақылау технологиясының ақпараттық жүйелері аса қауіпті вирустарды дайындалу кезеңінде-ақ ғаламтор арқылы "жұқтырып" алады екен.

"Кибер шабуылдардан қорғайтын технологияның тілін білу үшін білім керек. Ақпараттық сауаттылық керек. Экономиканы цифландыру біз білмейтін қосымша мамандықтарды нарыққа алып шығады. Жапонияда бір мезгілде бірнеше елде ондаған компаниялардың виртуалды қоймаларындағы технологияны басқарып отыратын виртуалды мамандар дайындала бастады. Алдағы 5-10 жылда шетелдік компаниялардың жұмысын өз елдерінде отырып бақылау мүмкіндігі туады. Қытай алыс-жақын елдердегі компанияларының жұмысын бақылау үшін ғарыштық бейне-бақылау жүйесін іске қосуға дайындықтың соңғы кезеңіне кеп қалды. Олар ғарыштық бақылау қондырғысының көмегімен заттар интернетінің әлемдік нарығында үстемдікке ие болуға ұмтылып отыр. Қазір заттар интернетінің әлемдік нарығы дамуды бастан кешіп жатыр. Тіпті технологиялық дамудың өзі уақытқа ілесе алмай қалды", – дейді Дмитрий Киселев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу