Қытай жаңартылатын энергия технологияларының экспортын арттырып, әлемдік энергетика нарығындағы бәсекеде АҚШ-ты басып озды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ақ үй әлемдік энергия нарығында көшбасшы атанғысы келеді. АҚШ 2025 жылдың алғашқы жеті айында шамамен 80 млрд доллар көлемінде мұнай мен газ экспорттаған. Осы аралықтағы Қытайдың көрсеткіші 120 млрд долларға тең. Осылайша Аспан асты елі тартысты бәсекеде АҚШ-ты арттf қалдырды. Ember аналитикалық орталығының дерегінше, тамызда Қытайдың осындай өнімдер экспорты 20 миллиард доллар болып, бір айдағы рекорд орнатты.
Сарапшылардың айтуынша, жаңартылатын энергия технологиялары арзандап жатқанына қарамастан, бұл өсім сақталуда.
Бұдан басқа Қытай озық технологияларын дамушы елдерге белсенді түрде экспорттап келеді. Биыл қытайлық электромобильдер экспортының жартысынан астамы дамушы мемлекеттерге жіберілді.
Bloomberg жазуынша, Вашингтонда жаңартылатын энергия технологияларының экспортын арттыруға әлеуеті бар. Десек те, Бейжің бұл салада жаһандық нарықтағы рөлін арттыра берері анық.