Дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралдық провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан жаңа қашықтан зондтау спутнигі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жерді қашықтан зондтауға арналған "Яогань-46" спутнигін көкке көтерген "Чанчжэн-7" (Long March-7) зымыран тасығышы Бейжің уақытымен 11:47-де ғарыш айлағынан ұшырылды. Спутник есептелген орбитаға сәтті шықты.
Спутник негізінен табиғи апаттардың алдын алу және залалын азайту, ұлттық жер ресурстарын зерттеу, сондай-ақ гидрология, метеорология және басқа да салалардағы зерттеулер үшін пайдаланылмақ.
"Чанчжэн" ("Ұлы жорық") сериясындағы зымыран тасығыштарының бұл 605-ші сапары екен.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу