Қытай жерді қашықтықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды

Ол орбитаға 1300 кг пайдалы жүкті шығаруға қабілетті.

Қытай жерді қашықтықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды Фото: trend.az

Қытайдың Long March 2D зымыран тасығышы Жерді қашықтықтан зондтау "Яоган-39" спутнигін орбитаға сәтті шығарды, деп хабарлады Қытайдың аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясы (CASC).

Зымыран Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағының ұшыру алаңынан Бейжің уақытымен 08:24-те ұшырылды.

Long March 2D екі сатылы зымыран тасығышын Шанхай ғарыштық технологиялар академиясы (SAST) жер серіктерін төмен жер орбитасына шығару үшін әзірледі. Әзірлеушілердің айтуынша, ол сонымен қатар шамамен 645 км биіктіктегі орбитаға 1300 кг пайдалы жүкті шығаруға қабілетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу