Қытай Жердің электромагниттік өрісін зерттеу үшін 3 жер серігін ұшырды

208

Ұшыру 11 мамырда Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан сәтті жүзеге асты. 

Қытай Жердің электромагниттік өрісін зерттеу үшін 3 жер серігін ұшырды Фото: Xinhua

Қытай "Чанчжэн-6А" зымыран-тасығышы арқылы Жердің электромагниттік өрісін бақылауға арналған үш "Яогань-40-02" жер серігін орбитаға шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясының хабарлауынша, серіктер Жердің төменгі орбитасында жұмыс істейді. Олар электромагниттік бақылау жүргізіп, жаңа технологияларды сынақтан өткізу үшін пайдаланылмақ.

Модификацияланған "Чанчжэн-6А" зымыраны экологиялық таза керосин мен сұйық оттегімен жұмыс істейді. Ол 500 шақырым биіктікке дейін 6,5 тоннаға дейінгі жүктемені жеткізе алады.

Электромагниттік серіктер жинайтын мәліметтер ғарыштық ауа райын болжау, радиобайланыс пен навигация жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар пайдалы қазбаларды барлау және сейсмикалық белсенділікті бақылау үшін қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу