Қытай ЖІӨ бойынша АҚШ-ты 2036 жылға дейін оза алмайды. Мұндай болжаммен Британдық экономика және бизнесті зерттеу орталығы (CEBR) бөлісті.
Бұл өткен жылғы бағалаудан нашар. Ол негізінен Қытайдың COVID-19-ға қатысты ұстанымы мен елдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты. Сарапшылар орта мерзімді перспективада Қытай ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 3%-ға дейін төмендейді деп болжайды.
Сонымен қатар CEBR 2023 жылы жаһандық экономика рецессияға ұшырайды деген ақпарат таратты. Оның басты себебі инфляцияны тежеуге бағытталған жоғары пайыздық мөлшерлемелер бірқатар елдердің ЖІӨ төмендеуіне әкеледі.
"Биылғы жылы жаһандық экономика алғаш рет 100 трлн доллардан асты", деп жазылған баяндамада.
Дамушы елдердің бай елдерді қуып жетуіне байланысты 2037 жылы оның көлемі 207 трлн долларға жетеді деп күтілуде.