Қытай жуырда өзінің криптовалютасын шығармақ

1049

Жергілікті мамандар сандық валютаны бес жылдай зерттеп келген. Жоспар жүзеге асса, Қытай ірі экономикалық алпауыттар ішінде криптовалютаны қолданысқа енгізген алғашқылардың бірі болайын деп тұр. 

Қытай жуырда өзінің криптовалютасын шығармақ

Қытайдың ұлттық банкі жуырда елдің криптовалюсын шығаратынын айтты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Жергілікті мамандар сандық валютаны бес жылдай зерттеп келген. Жоспар жүзеге асса, Қытай ірі экономикалық алпауыттар ішінде криптовалютаны қолданысқа енгізген алғашқылардың бірі болайын деп тұр. 

Банк өкілдерінің айтуынша, криптовалюта екі деңгейлік операциялық құрылымды пайдаланатын болады. Жоғарғы деңгейде – Қытайдың ұлттық банкі, ал төменгісінде – коммерциялық банктер тұрақтайды. Бұл жүйе ресурстарды коммерциялық банктердің құлшынысын арттыру үшін және сандық валютанының ақырындап айналымға енуін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.
Дегенмен банк өкілдері криптовалютаны енгізбес бұрын, бірқатар мәселені шешу керектігін алға тартып отыр.Олардың қатарында іркіліс уақытының ұзақтығы мен дәстүрлі қаржы жүйелері тиімділігінің төмендігі бар. Сондай-ақ, басқа мемлекеттердің реттеуші принциптері сандық валютаның айналымға енуін ұзаққа созып жіберуі мүмкін.   

Айта кетейік, Facebook-тің Libra деп аталатын криптовалютаны шығаруы бірқатар орталық банктің алаңдаушылығын тудырған болатын. Олардың айтуынша, сандық активтер орталық банктердің бақылауында болуға тиіс. Сарапшылардың пікірінше, валюталық қатердің алдын алып, несиелік-қаржы саясатын қорғау мұның маңызы зор. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу