Қытайдың шығысында орналасқан Яньчэнедегі химиялық зауытта жарылыс болып, 44 адам қаза тапты. Сондай-ақ 90 адам зардап шеккен. Бұл туралы қала басшысы Цао Лубао хабарлады.
Иракта да қайғылы жағдай орын алды. Мосул қаласына жақын маңда су көлігі Тигр өзеніне батып кетіп, кемінде 40 адам мерт болды. Кеменің батуына жолаушыларының шамадан тыс көп болуы себеп болса керек. Әзірге толық ақпарат ресми таратылған жоқ. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу