Қытайда мұндай қылмыстық іс бойынша алғаш рет өлім жазасы кесіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2023 жылы Мьянма аумағында ұсталған күдіктілерге қатысты сот үкімі былтыр күзде шыққан. 23 адамның 11-і өлім жазасына кесілсе, қалғаны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Тергеу нәтижесі көрсеткендей, сотталғандар заңсыз ойын бизнесімен айналысып, сall-орталықтар арқылы алаяқтық жасаған.
Қаскөйлердің тұзағына түскен, қытайлықтар 1 млрд 400 млн доллар жоғалтқан. Қомақты қаржысынан қағылғандардың арасында өз-өзіне қол жұмсаған деректер де бар. Кейінгі жылдары алаяқтар айылын жияр емес.
БҰҰ-ның дерегі бойынша, былтыр әлемде қаскөйлердің кесірінен 37 млрд доллар шығын келді.