Қытайда 17 қазақстандық жоба таныстырылды

772

Қытайда 17 қазақстандық жоба таныстырылды

Қытайда "Бір белдеу, бір жол" тақырыбында инвестициялық семинар өтті. Қазақстанға инвестиция тартуға арналған шараға 60-тан астам қытайлық және 20-дан астам отандық кәсіпорын қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

Елші Шахрат Нұрышев іскер топ өкілдерін елімізде шет елдік инвесторларға жасалып жатқан жағдайлармен және Қытаймен жан-жақты стратегиялық даму жоспарымен таныстырды.

Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  биылғы жолдауында атап өткен негізгі бағыттарын айтып берді. Соның бірі шетелдік инвестицияларды пайдалану арқылы ауқымды жобаларды одан әрі іске асыру Қазақстан үшін маңызды экономикалық басымдық болып қала беретінін атап өтті.

Жалпы, семинарда қазақстандық компаниялар қытайлық іскер топқа металлургия, тау-кен, энергетикалық, мұнай-химиялық, көліктік-логистикалық саладағы 17 жобаны таныстырды.

"Біз, "Kazakh Invest" компаниясы осы қытай инвесторларына ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің қасымызда орналасқан үлкен көршіміз болғандықтан, көлік, логистика саласында да жақсы болғандықтан, негізгі бағыттардың бірі болып саналады", - дейді "Kazakh Invest" ҰК атқарушы директоры Алмас Ағыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу