Қытайда 1949 жылдан бергі ең төмен туу көрсеткіші тіркелді

210

2025 жылы Қытайда 7,92 млн бала дүниеге келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға аз.  

Қытайда 1949 жылдан бергі ең төмен туу көрсеткіші тіркелді Фото: scmp.com

Ал сол кезеңде 11,31 млн адам қайтыс болды, нәтижесінде табиғи өсім минус 2,41-ге түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

2025 жылы Қытайдағы туу коэффициенті мың адамға шаққанда 5,63 болып, ұлттық статистика жүргізілген 1949 жылдан бергі ең төмен деңгейге жетті.

Мемлекеттік статистика басқармасының деректеріне сәйкес, ел халқы 2024 жылғы 1 млрд 408,28 млн адамнан 2025 жылы 1 млрд 404,89 млн-ға дейін азайған. Бұл – үш жыл қатарынан жалғасып келе жатқан халық санының қысқаруы.

Халық құрылымында еңбекке қабілетті жастағы (16-59 жас) азаматтар 851,36 млн адамды құрап, жалпы халықтың 60,6%-ын қамтыды. Ал 60 жастан асқандардың үлесі 23%-ға жетті.

Сарапшылардың айтуынша, Қытай ұзақ мерзімді демографиялық өзгерістер кезеңіне кірді: халық қартая түсуде, ал еңбекке қабілетті жастағылардың үлесі азаюда. Бұл елдің экономикалық әлеуетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу