Қытайда 300-ден астам көне қорым табылды

511

Қазба орнында 850 түрлі жәдігер табылды.

Қытайда 300-ден астам көне қорым табылды Фото: Fotolia / mrks_v

Археологтар Қытайдың шығысында 300-ден астам көне қорым тапты, олардың кейбіреулері біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырлар кезеңіне жатады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қорымдар Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан Цзинань қаласында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Ғалымдар соғысушы мемлекеттер кезеңінен (б.з.д. 475–221) Цин әулетіне (1644–1911) дейінгі кезеңге жататын барлығы 301 қабір табылды деп отыр.

Қазба орнында 850 түрлі жәдігер табылды, оның ішінде саз балшықтан жасалған ыдыстар, керамикалық табақтар, мыс теңгелер. Археологтар сондай-ақ екі пеш пен сегіз құдықты да тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу