Қытайда 6,6 млрд долларлық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылып жатыр

898

Қытайда 6,6 млрд долларлық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылып жатыр

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында ұзындығы 24 шақырымға созылатын көлік құрылысы басталып, оған 46 млрд юань (шамамен 6,6 млрд доллар) инвестиция салынады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости.

Жоспарға сәйкес, көлік дәлізі автомобильге арналған тоннель мен көпірден және жасанды аралдардан тұратын болады.  Дәліз Чжуцзян өзенінің сағасы арқылы екі жағалауды жалғайды.

Көлік дәлізінің құрылысы аяқталған соң екі жағалаудың арасындағы жол қазіргі екі сағаттың орнына 20 минутқа дейін қысқарады.  Қозғалыс екі бағытта сегіз жолақпен жүзеге асады, ал қозғалыстың тоннель мен көпір арқылы жобалық қозғалысы сағатына 100 шақырымды құрауға тиіс. Биылғы жылғы мамырдың соңында Қытайдың Халықаралық радиосы ҚХР үкіметі  көлік инфрақұрылымын салу жобасын іске асыруға 725 миллиард доллардай инвестиция құятынын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу