Қытайда 8 мыңға жуық адам чикунгунья вирусын жұқтырды

238

Жергілікті билік ковид пандемиясы кезіндегідей алдын алу шараларын қолға алды.  

Қытайда 8 мыңға жуық адам чикунгунья вирусын жұқтырды Фото: bbc.com

Қытайдың Гуандун провинциясында өткен айдан бері 7 мыңнан астам адам чикунгунья вирусына шалдықты, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Ауру тараған Фошань қаласында науқастар госпитальдерге бір аптаға жатқызылып, олардың төсегінің үстіне масадан қорғайтын тор құрылды. Айта кетсек, чикунгунья масалардан ғана тарайды. Оны жұқтырғандар безгекке ұшырап, буындары сырқырап, жаңа инфекцияның симптомдары жылдар бойы сақталуы мүмкін.

Дәрігерлерінің сөзінше, пациенттердің бәрі бұл аурудың жеңіл формасына шалдықты. Олардың 95 пайызы жеті күнннің ішінде үйлеріне қайтарылуы ықтимал.

Әзірге, вирустан емдейтін дәрі табылмады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу