Қытайда адам өлімімен аяқталған жанжалдан соң қазақстандық азамат ұсталды

1379

Қытай билігінің мәліметінше, Қазақстан азаматы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.  

Қытайда адам өлімімен аяқталған жанжалдан соң қазақстандық азамат ұсталды Фото: threads/@kain__ar

Бұл туралы оның туыстары мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайда қазақстандық азамат Махмұтхан Шерназаров жергілікті тұрғынның өліміне байланысты тергеу аясында қамауға алынды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға кезінде қазақстандық азамат төбелеске қатысқанымен, жанжалдың басталуына себепкер болмаған. Қақтығыс Шерназаровтың бір қызға араша түскен кезде туындаған. Алайда жақындары оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз екенін атап өтті.

Төбелес кезінде бірнеше адам қазақстандыққа шабуыл жасап, оны ұрып-соққан және кетуіне мүмкіндік бермеген. Сондықтан олар оның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатында жасалған деп есептейді. Отбасы мүшелері тергеу барысында бейнежазбалар мен барлық мән-жайдың жан-жақты қаралуын сұрап отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапынан ресми хабарлама алғанын растады. Қазіргі уақытта Қазақстан дипломаттары ұсталған азаматтың туыстарымен байланыста болып, оған қажетті консулдық көмек көрсетуде. Тергеу жалғасып жатыр.

Махмұтханның жары Жұлдыз Қайнардың айтуынша, күйеуі Қытайға бір апта бұрын табыс табу үшін кеткен. Ол тауар бизнесімен айналысады, ал жұбайы әлеуметтік желі арқылы тауар сатады. Отандасымыз өткен сенбі күні Гуандун провинциясында ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу