Қытайда сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін әлемдегі алғашқы бір шұңқырлы, қос жолақты теңіз астындағы жоғары жылдамдықты теміржол туннелі іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Халық газетіне" сілтеме жасап.
Туннельдің жалпы ұзындығы 9781 метр, ал ең терең бөлігі теңіз деңгейінен 98,5 метр төменде орналасқан.
Шаньтоу-Шаньвэй жоғары жылдамдықты теміржолы толықтай пайдалануға берілгеннен кейін, ол көптеген жоғары жылдамдықты теміржолдармен бірге Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауындағы жоғары жылдамдықты теміржол дәлізіне айналады. Жол Гуандун, Фуцзянь және Чжэцзян өлкелерінің 15 қаласын байланыстырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу