Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды

1120

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірінің құрылысы аяқталды. Бұл туралы news.day.az-ке сілтемемен 24.kz хабарлайды.

Мемлекеттік комиссия көпірді сынауға рұқсатын берді. Көпір Гонконг, Чжухай және Макаоны байланыстырады. Жасанды аралдарды қамтитын көпірдің ұзындығы – 55 шақырым. Құрылысқа 8 жыл уақыт кеткен. Жобаның құны – 110 миллиард юаньға (шамамен 16 миллиард доллар) шыққан.

Авторлардың айтуынша, көпір 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады және 120 жылдан аса уақытқа шыдамды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу