Қытайда әлемдік электронды сауда платформасы ашылды

1142

Мақсат – салаға цифрлық трансформация жасау.

Қытайда әлемдік электронды сауда платформасы ашылды

Қытай Шығысындағы Чжэцзян провинциясын әлемнің тауар астанасына айналдырғысы келеді, деп хабарлайды ATAMEKEN BUSINESS. Сол үшін осы жерден электронды сауда платформасы және Alibaba компаниясымен бірлесіп жаһандық инновациялық орталық ашып отыр.

Енді осы аймақта әлемдегі ең ірі нарықтық экономиканың онлайн және оффлайн жүйесі бірлесіп жұмыс істейтін болады. Тараптар арнайы стратегиялық келісім жасап, сауданы дамыту бағытын талқылады. 

Қазірдің өзінде Чжэцзян провинциясындағы электронды саудадан түскен табыс - 236,8 млрд юань, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 16,74 пайызға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу