Қытайда алғашқы коммерциялық ғарыш айлағы пайдалануға дайын

199

Қытай Хайнань провинциясының жағалауындағы Вэнчан қаласында халықаралық коммерциялық ұшырулар үшін мемлекеттегі алғашқы ғарыш айлағын пайдалануға дайын. 

Қытайда алғашқы коммерциялық ғарыш айлағы пайдалануға дайын Фото: hvylya.net

Бұл туралы Xinhua агенттігі ұшыру алаңының басшылығына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz cайты. 

Нысан ресми түрде барлық талаптарға сәйкес келетіндігі атап өтілді, 30 маусымда зымыран тасығышты ұшыру имитациясы өтті. 

Hainan International Commercial Aerospace Launch оператор компаниясының басшысы Ян Тяньлян алғашқы ұшыруды 2024 жылы өткізу жоспарланғанын хабарлады. Ол алдағы уақытта жаңа ғарыш айлағы кеңейтіліп, қосымша ұшыру алаңдарымен жабдықталатынын атап өтті.

Хайнанда ҚХР коммерциялық айлағының құрылысы маусым айының басында аяқталды. Ол Жерден алғаш рет "Чанчжэн-12" екі сатылы оттегі-керосин зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу