Қытайдың нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы онлайн ритейлер Alibaba-ға қатысты тергеуді бастады.Sinhua агенттігінің дерегі бойынша, корпорацияға монополиялық әрекеттер жасады деген айып тағылған.
Осы орайда елдің Орталық банкі, банктік және сақтандыру әрекетін басқару және бақылау жөніндегі комитет, құнды қағаздарды бақылау жөніндегі комитет пен мемлекеттік валюталық бақылау комитеті бірлесе компаниядан нарықтық және құқықтық қағидаларды ұстануды талап етпек. Сонымен қатар Alibaba қаржылық бақылау, адал бәсекелестік, тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты шарттарды орындауға міндеттелмек.
Bloomberg агенттігінің соңғы мәліметі бойынша, Alibaba-ның акциялары 9%-ға арзандаған. Бұл соңғы бес айдағы ең төмен көрсеткіш.
Табиғат Нұрболат
Фото: chinadaily.com