Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында аспалы көпір үзілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 тамыз күні сағат 16 шамасында болған. Туристік аймақтағы аспалы көпірдің арқаны үзіліп, көпір беті бір бауырына қарай қисайған. Салдарынан 29 адам көпірден өзен арнасына құлаған. 5 адам оқиға орнында қаза болды. 24 адам жеңіл жараланған, тағы 2 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Іле облысы мен Моңғолкүре ауданының билігі шұғыл шара қолданып, оқиға орнына құтқарушылар мен медициналық қызметкерлерді тізгін ұшымен жіберген. Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, туристерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Оқыс оқиғадан кейін Шаты туристік аймағы уақытша жабылды.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.