Қытайда Астанаға әкелінетін LRT вагондары құрастырылып жатыр

418

Қазіргі кезде 19 вагонның алтауы құрастырылып жатыр.

Қытайда Астанаға әкелінетін LRT вагондары құрастырылып жатыр Фото: "CTS" компаниясының баспасөз қызметі

LRT вагондары Астанаға қыркүйек айында жеткізілуі мүмкін. Астанадағы қоғамдық көлік қозғалысына жауапты "CTS" компаниясы Қытайда құрастырылып жатқан LRT вагондарын көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

– Соның ішінде екі вагонға бояу жұмыстары, терезелер мен есіктерді орнату, ішкі әрлеу, еден мен шатырды жабдықтау, ауа баптау жүйесі, жарықтандыру, мультимедиа және мониторлар орнату сияқты негізгі жұмыстар аяқталды. Осыдан кейін доңғалақ жұптары, аспа жүйесі мен жүріс бөлігіне монтаж жасалады, – дейді компания мамандары.

LRT пойыздары GOA 4 деңгейіндегі автоматтандыру жүйесімен жабдықталады. Жүргізуші болмайды. Автоматты жүйеге пойыз қозғалысын басқаруға, техникалық жағдайды бақылауға және пойыздар арасындағы қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетері, алғашқы вагондар Астанаға қыркүйек айында жеткізіледі деген жоспар бар. Одан кейін сынақтан өткізу жұмыстары басталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу