Қытайда әуе күштерінің ұшағы тұрғын үйге құлап, бір адам қайтыс болды

581

Екі адам жарақат алды.

Қытайда әуе күштерінің ұшағы тұрғын үйге құлап,  бір адам қайтыс болды

9 маусымда Қытай әскери әуе күштерінің J-7деп аталатын ұшағы Сянъяне қаласындағы (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) әуежай маңында жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, Қытайдың халық-азаттық армиясының әуе күштері ұшағы тұрғын үйге құлап, салдарынан кем дегенде бір адам қаза тапты. Екі адам жарақат алды. Ұшқыш дер кезінде катапульта жасай алған. 

Ұшқыш пен зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы да –жергілікті тұрғындар. Қазір апат орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. 
Мамандар апаттың неден болғанын, зардап шеккендердің нақты саны анықтап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу