Қытайда балалар бейнеойындарды 1,5 сағаттан артық ойнай алмайды

901

Соңғы жылдары ойын нарығы жіті бақыланатын болған. 

Қытайда балалар бейнеойындарды 1,5 сағаттан артық ойнай алмайды

Жергілікті билік бұл нарықты шектейтін жаңа заң енгізді. Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл ереже балалардың бейнеойындарға тәуелділігін тежеу үшін бағытталған.

Жаңа заң бойынша, енді қытайлық балалар күніне тек бір жарым сағат, ал демалыс күндері 3 сағат қана виртуалды әлемде ойнай алады. Бірақ сағат 22.00-ден бастап таңғы 08.00-ге дейін оларға бейнеойынды пайдалануға шектеу қойылып отыр.

Бұл заңның орындалуын кім қадағалайтыны әзірге белгісіз.Қазір бейнеойындарға тіркелу үшін Қытай тұрғындары өздерінің есімдері мен телефон нөмірлерін атауға міндетті, алайда көп жағдайда жасөспірімдер ата-анасының телефондарын пайдаланып, тіркелетін көрінеді.

Сонымен қатар Қытай билігі онлайн-ойындарға жұмсалатын қаражат мөлшерін шектеді. 16 жасқа толмағандар $29, ал 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер тек $57 жұмсай алады.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай заң ойын нарығын шығынға батыруы мүмкін. Соңғы жылдары Қытайда бұл нарық жіті бақыланатын болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу