Бейсенбіден бастап Қытай елінде бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасы көтеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Олардың құны – тиісінше 200 юаньға (шамамен 28,17 АҚШ доллары) және тоннасына 190 юаньға дейін артады", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Қытайдың қолданыстағы баға белгілеу механизміне сәйкес, шикі мұнайдың әлемдік бағасының өзгеруін ескере отырып, қазіргі таңда елде мұнай өнімдерінің бағасы реттеліп жатыр.
Сондай-ақ, ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті Қытайдың жетекші мұнай компанияларынан нарықтағы ұсыныстың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндіру мен тасымалдауды дұрыс ұйымдастыруды талап етті.